Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

АҚШ Қазақстан тауарларына баж салығын енгізетінін жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстаннан жеткізілетін барлық тауарға 25 пайыз көлемінде кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған ресми хатында хабарлады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2025
Әлем

АҚШ басшысы өз хатының мазмұнын Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Құжатта жаңа тарифтік мөлшерлеменің барлық салалық баждардан бөлек енгізілетіні және бүкіл қазақстандық экспорттық тауарларға қолданылатыны атап өтілген.

«2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан АҚШ-қа жеткізілетін кез келген және барлық тауарларға 25% көлемінде кедендік баж салығы салынады. Бұл мөлшерлеме барлық салалық баждардан бөлек енгізіледі. Бұл хатты сізге жолдау мен үшін үлкен құрмет. Себебі бұл біздің сауда қатынастарымыздың беріктігін және Америка Құрама Штаттарының сіздердің ұлы еліңізбен елеулі сауда тапшылығына қарамастан ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін көрсетеді», – делінген Трамптың мәлімдемесінде.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім екі ел арасындағы сауда қатынастарына әсер етуі мүмкін. Қазақстан тарапынан әзірге ресми жауап берілген жоқ.

Тегтер: АҚШӘлем жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz