Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығысқа сапарға бармауға кеңес берді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты қазақстандықтарға аталған аймаққа жоспарланған сапарлардан уақытша бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2025
Жаңалықтар

«Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделенуіне байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына осы аймаққа жоспарланған сапарларын қайта қарауды және олардан бас тартуды ұсынады», – делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта аймақтағы жағдай мен ықтимал қауіп-қатерлер жан-жақты сарапталуда. Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдары мен шетелдік әріптестерімен үйлестірілген шаралар қолға алынған.

Ұшу шектеулері мен қауіпсіздік қатері

Таяу Шығыс елдерінде бірнеше мемлекет әуе кеңістігін уақытша шектеуге мәжбүр болды. Соның салдарынан халықаралық рейстер тоқтатылып, кейбір бағыттар кейінге шегерілді.

Шетелдегі қазақстандықтарға арналған СІМ кеңестері

Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта Таяу Шығыста, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген қазақстандықтарға төмендегідей кеңес береді:

  • Сабыр сақтау және жергілікті билік белгілеген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау.

  • Бұқаралық іс-шараларға қатыспау және әскери нысандарға жақындамау.

  • Ресми органдар мен Қазақстанның шет елдердегі мекемелері таратқан ақпаратты мұқият бақылау.

  • Әуе рейстерінің мәртебесін және эвакуация жолдарын үнемі нақтылап отыру.

  • Төменде көрсетілген шұғыл байланыс арналары арқылы Қазақстан елшіліктерімен тікелей байланыста болу.

Шұғыл байланыс нөмірлері

Қазақстанның Қатардағы елшілігі:

  • +97450649955

  • +97470910579

  • Электронды пошта: kazconsul.doha@gmail.com, doha@mfa.kz

Қазақстанның БАӘ-дегі (Әбу-Даби) елшілігі:

  • +97124498778

  • +971503629805

  • Электронды пошта: abudhabi@mfa.kz

Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы:

  • +971556103341

  • +971505701978

  • Электронды пошта: dubai@mfa.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:

  • +7 (7172) 72 05 00

Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстанның барлық дипломатиялық өкілдіктері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын, жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын және Қазақстан азаматтарына тәулік бойы консулдық-құқықтық көмек көрсетуін жалғастырып жатқанын хабарлады.

Тегтер: қазақстанСІМ

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz