Жүзу спортының шеберлері Әділбек Мусин мен София Әбубәкірова 50 және 100 метрлік жеке қашықтықта баттерфляй тәсілі бойынша өнер көрсетті. Әділбек Мусин 53.20 секундта жүзіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. София Әбубәкірова 27.17 секунд нәтижесімен алтынға қол жеткізді.
Айта кетейік, финалға тағы бір қазақстандық Данэлия Ду шықты. Ол 28.34 секунд көрсеткішпен бесінші болып мәреге жетті. Сондай-ақ Ксения Игнатова қола жүлдеге ие болды. Ол 1.03.36 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Еске салсақ, Исламиада 18 тамызда аяқталады.
Жарысқа әлемнің 56 елінен 4200 спортшы қатысып жатыр.