Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады

Үндістанның Гуджарат штаты Ахмедабад қаласының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ұшақ әуеге көтерілгеннен көп ұзамай апаттық дабыл жіберіп, кейін жерге құлаған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2025
Әлем, Жаңалықтар

Әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 13:39-да Ахмедабад әуежайынан Лондонға бет алып ұшып шыққан. Air India әуе компаниясының мәліметінше, AI171 рейсі Лондондағы Гатвик әуежайына жергілікті уақытпен 18:25-те қонуы тиіс болған.

Жергілікті ANI агенттігінің хабарлауынша, ұшақ дәрігерлер жатақханасының ғимаратына құлаған. Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен видеолар әлеуметтік желілерде таралып, қою қара түтіннің әуеге көтерілгені байқалды.

Air India компаниясы ұшақ бортында 242 адам болғанын хабарлады. Оның ішінде 169 адам — Үндістан азаматы, 53 адам — Ұлыбритания азаматы, бір Канада азаматы және 7 Португалия азаматы бар.

Қазіргі уақытта ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы нақты ресми ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен, Уттар-Прадеш штатының бас министрі Йоги Адитьянатх оқиға салдарынан жолаушылардың көбі қаза тапқанын мәлімдеді.

Тиісті органдар апаттың себептерін анықтау бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тегтер: Әлем жаңалықтарықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz