Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Маусым айында Алматы облысында ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына сәйкес, маусым айының алғашқы күндерінен бастап Алматы облысында күн күрт ысиды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ауа райының айтарлықтай өзгеруі екінші және үшінші онкүндіктерде аптап ыстыққа ұласуы мүмкін.

Облыс аумағындағы жазық өңірлерде түнгі температура +10…+15°С шамасында басталып, біртіндеп +15…+20°С дейін көтеріледі. Ал күндізгі уақытта ауа температурасы алғашқы күндері +20…+25°С болса, ай соңына қарай +30…+35°С дейін жетпек.

Таулы аймақтарда да жағдай өзгеше емес. Түнде ауа райы +2…+7°С шамасында сақталып, кейінірек +7…+12°С дейін жылиды. Күндізгі температура +10…+15°С деңгейінен басталып, біртіндеп +20…+25°С дейін, айдың екінші жартысында +25…+30°С дейін жоғарылайды.

Мамандар халыққа ауа райының ыстық кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, әсіресе балалар мен қарттарды күннің ыстық уақытында сыртқа шығармауды, сұйықтықты көбірек тұтынуды және далада ұзақ болмауды ескертеді. Сонымен қатар, таулы аймақтардағы температуралық ауытқуларға байланысты демалушылар мен туристердің табиғат аясында сақтық шараларын ұстанғаны абзал.

Синоптиктер аптап ыстықтың ауыл шаруашылығы мен экожүйеге де әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты өңірлік билік пен төтенше жағдайлар қызметтері тұрғындарды ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етуге дайын отыр.

Тегтер: Алматы облысыауа райы

Соңғы жаңалықтар

Новоселье в Талгаре: 25 семей получили ключи от новых квартир

Николай Иващенко
18.04.2026

Марат Султангазиев провел обряд разрезания пут у малышей

Николай Иващенко
18.04.2026

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz