Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

AMANAT: Іле ауданындағы ірі кәсіпорын жұмысшылары өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді

Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «Фирма БЕНТ» ЖШС-інде «AMANAT» партиясының облыстық көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
23.05.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қоғамдық қабылдауға кәсіпорынның 40-қа жуық қызметкері қатысып, жалақы, еңбек қауіпсіздігі, медициналық қызмет, жол сапасы, қоғамдық көлік бағыттары мен экологияға қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай қабылдаулар еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, әлеуметтік мәселелерді жергілікті жерде көтеруге мүмкіндік береді.

«Әрбір ұсыныс пен көтерілген мәселе бойынша тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар жолданып, орындалуы партиялық бақылауға алынады. Бұл – халықпен ашық диалогқа бағытталған жүйелі жұмыс», – деді қабылдауды ұйымдастырушылар.

«Фирма БЕНТ» ЖШС директоры әрі бастауыш партия ұйымының төрағасы Дінмұхаммед Күзиев те мұндай форматтың маңызын атап өтті.

«Бүгінгі қабылдауда жұмысшылар еркін пікір білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Бұл – формалды емес, шынайы диалог алаңы. Ұжым үшін осындай мүмкіндік маңызды. Бастауыш ұйым төрағасы ретінде мұндай кездесулердің тұрақты болғанын қолдаймын», – деді ол.

Партия алдағы уақытта көшпелі қоғамдық қабылдауларды басқа да өндіріс ошақтарында жалғастыруды жоспарлап отыр. Барлық өтініштер жеке қаралып, бақылауға алынатын болады.

Тегтер: «Amanat» партиясы«Фирма БЕНТ» ЖШСБасты жаңалықтарДінмұхаммед Күзиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz