Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

eGov Mobile қосымшасында тағы бір қызмет іске қосылды

Енді ит, мысық және басқа да үй жануарларының иелері өз сүйіктілерінің барлық мәліметін eGov Mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінен көре алады. Бұл туралы ақпаратты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ таратты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2025
Жаңалықтар
Фото: mobilaser.kz

Фото: mobilaser.kz

Жануарлар туралы деректер TABAN – үй жануарларын есепке алу бірыңғай деректер базасынан автоматты түрде жүктеледі. Бұл жүйе әр жануар бойынша маңызды ақпаратты – тіркеу, емделу, чиптеу, вакцинация және стерилизация секілді оқиғаларды тіркеп отырады.

Цифрлық төлқұжатта келесі мәліметтер қамтылады:

  • Жануардың жеке және құжат нөмірі;

  • Аты, түсі, тұқымы және туған күні;

  • Ерекше белгілері, жынысы мен түрі;

  • Тіркелген және нақты тұратын мекенжайы;

  • Иесінің толық аты-жөні және ЖСН;

  • Чиптеу, вакцинация және стерилизация туралы ақпарат (күні мен мәртебесі көрсетілген).

Қызметті қалай пайдалануға болады?

  1. eGov Mobile қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіңіз;

  2. «Цифрлық құжаттар» бөлімін ашыңыз;

  3. «Басқа құжаттар» ішінен Жануар төлқұжатын табыңыз;

  4. Құжат көрінбесе, «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басыңыз.

Цифрлық төлқұжат не үшін қажет?

Цифрлық құжат жануар жоғалған жағдайда немесе ветеринарлық клиникаға жүгінгенде, көрмелерге, сапарларға шыққанда оның барлық деректерін жылдам ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық үй жануарларын жүйелі тіркеуге, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруғабағытталған.

2025 жылғы наурыз айындағы мәліметке сәйкес, жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы — иесіз жануарлар.

Тегтер: eGovқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz