Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алдымен әдеп…

Мемлекеттік қызметшілер қоғам алдында мемлекеттің тұлғасы болғандықтан Әдеп кодексі ең алдымен, қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталады.

Мөлдір Иманмади
16.05.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала
Фото: vsiep-online.ru

Фото: vsiep-online.ru

Кодексте мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қарым-қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу стандарттары тікелей айқындалған.

Қоғамдық пікір көрсеткіштерінің бірі қызметтен тыс уақытта, оның ішінде қоғамдық орындарда олардың мінез-құлқы болып саналады.

Осыған байланысты, қызметтік әдеп қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Сонымен қатар, Әдеп кодексі жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа да тараптарын қамтиды. Соған сәйкес, мемлекеттік қызметшілер іскерлік әдепті, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы қажет.

Осылайша мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департамені

басшысының орынбасары                                                                                       Б. Копдикбаев

Тегтер: әдеп кодексіБасты жаңалықтармемлекеттік қызмет істерімемлекеттік қызметші

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz