Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлихан Смайылов мектеп формасының бағасына қатысты пікір білдірді

Премьер-Министрдің сөзінше, енді мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істейді.

14.08.2022
Жаңалықтар, Саясат

Әлихан Смайылов Үкімет мектеп формасы мен құралдарының бағасын реттеуге қатысты қандай шаралар қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды  Alataunews.kz ақпарат агенттігі Смайыловтың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Ата-аналар балаларының мектеп формасы мен аяқ киімдерін, оқу құралдарын түгендеу қамына кірісті. Алайда олардың бағасы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Әлбетте, баға саясатына әлемдік логистиканың қымбаттауы, шикізат пен қызметтердің құны тікелей әсер етеді», — дей келе, Әлихан Смайылов «Үкімет пен әкімдіктерде қазақстандықтар үшін қаржылық шығындарды жеңілдетуге мүмкіндік беретін механизмдер бар» екенін жеткізді.

Үкімет басшысы төмендегідей тапсырмалар жүктеген:

  • біріншіден, мектеп формасына бағаны ұстап тұру үшін Индустрия министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және әкімдіктермен бірлесіп, Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының, ірі тігін цехтары мен ательелердің өкілдерімен келіссөздер жүргізеді;
  • екіншіден, Сауда министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және әкімдіктермен бірлесіп, ірі сауда орталықтарымен және базарлармен канцеляриялық тауарларға, сөмкелер мен аяқ киімдерге және басқа да керек-жарақтарға бағаларды ұстап тұру мәселелерін пысықтайды;
  • үшіншіден, әкімдіктер «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, облыс және аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында төмендетілген бағамен мектеп жәрмеңкелерін, сондай-ақ жылжымалы мектеп автодүкендерінің шалғай ауылдарға шығуын ұйымдастырады;
  • төртіншіден, әкімдіктер аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарды атаулы көмек көрсету үшін бекітіп беретін болады;
  • бесіншіден, бүгінгі таңда мұқтаж отбасыларды қолдау үшін құрылған «Жаппай оқыту» қорына өңірлердің бәрі бірдей қаражат бөліп отырған жоқ. Сондықтан әкімдерге аталған жобаны қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Тегтер: мектеп формасыүкімет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында +40 градусқа дейін ыстық болады

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
13.07.2026

Интернет-алаяқтық пен қаржылық пирамидалар: қаражатыңызды қалай қорғауға болады?

Диана Ахметова
13.07.2026

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
13.07.2026

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – тұрақты қоғамның негізі

Диана Ахметова
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz