Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Зеленский: Путинді Түркияда жеке күтемін

15 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Түркияда Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.05.2025
Әлем
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

«Ертеңнен бастап атыстың толық және ұзақ мерзімді тоқтауын күтеміз, бұл дипломатияның негізі болар еді. Қан төгуге орын жоқ. Мен бейсенбі күні Түркияда Путинді жеке өзім күтемін», – деді Зеленский.

Сонымен қатар, Украина басшысы Ресейдің бұл жолы кездесуге себепсіз келмейтінін күтетінін жеткізді.

Айта кетейік, 10 мамырда Киевте бірқатар Еуропа елдерінің басшылары Украина президентімен келіссөздер жүргізіп, АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен еді. Олар атысты 30 күнге тоқтату бойынша бірізді ұстанымға келді.

«Украина мен оның одақтастары атысты шартсыз 30 күнге тоқтатуға дайын», – деді Зеленский.

Алайда, 11 мамыр түні Ресей президенті Владимир Путин Украина тарапынан 12 мамырда атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдамай, келіссөздерді Ыстамбул форматында 15 мамырдан кейін жалғастыруды ұсынды.

Тегтер: РесейРесей мен Украина

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz