Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында Отан қорғаушыларға арналған салтанатты шара өтті

Қонаев қаласының орталық алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мерекелік жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қонаев гарнизонының бастығы, гвардия полковнигі Бейбіт Аманқалиев, Ауған соғысының және басқа да әскери қақтығыстардың ардагерлері, Қарулы Күштердің қызметтен шыққан ардагерлері, гарнизонның әскери қызметшілері, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен қала тұрғындары қатысты.

Жиналған қауым алаңда орнатылған еңселі сахнадан кең экран арқылы Астанадағы әскери парадтың ашылу рәсімін тамашалап, Мемлекет басшысының құттықтауын тікелей эфирде тыңдады. Президент өз құттықтауында қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің маңызды рөліне тоқталды.

Салтанатты шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары туралы айтып өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің Қарулы Күштері кешенді жаңғыртудан өтуде. Олар ұлттық қауіпсіздіктің кепілі, қоғамның тірегіне айналып отыр. Отан қорғаушыларымыз шекараны күзетумен қатар, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді», – деді өңір басшысы.

Мерекелік шара аясында марапаттау рәсімі өтіп, облыс әкімінің атынан Қонаев гарнизоны мен Ұлттық ұланның бірқатар әскери қызметшісіне алғыс хаттар табыс етілді. Марапатталғандардың қатарында полковник Жеңісжан Байжан, подполковниктер Данияр Маменов пен Берік Елікбаев, гвардия майоры Дархан Жәнсікбаев, майор Нұрлан Ожаров, лейтенант Лаура Бекболатова, сержант Елдос Қарбозов және өзге де әскери қызметшілер бар.

Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жалғастырып, іс-шараға ерекше әр мен жылулық сыйлады.

Сондай-ақ, №20030 әскери бөлім аумағында заманауи әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. Алматы облысының әкімі бөлімнің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, жеке құраммен әңгімелесті және әскери бөлім жұмысына жоғары баға берді.

Қонаев қаласында өткен бұл мереке ел тыныштығын күзетіп жүрген жауынгерлерге деген терең құрметті білдіріп, армия мен халық арасындағы сенім мен бірлікті нығайтудың маңызды қадамына айналды. Бұл – тұрақты даму жолындағы ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстанҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz