Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанда «БЕНТ» компаниясының өнімдерімен танысты

Түркістан қаласындағы SPK Turkistan индустриялық паркінде өткен өндірістік көрме аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов ірі инвестициялық жобалармен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.04.2025
Жаңалықтар

Көрменің айшықты қатысушыларының бірі – темірбетон шпалдары мен рельс бекіткіштерін шығаратын қазақстандық жетекші кәсіпорын – «Фирма БЕНТ» ЖШС болды.

Кәсіпорынның өндірістік компаниялар тобын басқаратын Дінмұхамед Құзиев мәртебелі меймандарға зауыттың жетістіктері мен өңірдегі теміржол саласының дамуына қосып отырған үлесі жөнінде баяндады.

«»Фирма БЕНТ» – Қазақстандағы темірбетон шпалдарын өндіретін ең ірі зауыт. Бүгінде біз он бірден астам шпал түрін шығарамыз, олардың үшеуі патенттелген. Жылдық өндірістік қуатымыз 900 мың шпалдан асады. Бұдан бөлек, Fasteners Group компаниясы толық рельс бекіткіш жиынтықтарын роботтандырылған желі арқылы өндіреді. Тоғыз жыл ішінде өнімге бірде-бір шағым түспегені – сапамыздың сенімді көрсеткіші», – деді Дінмұхамед Құзиев.

Оның айтуынша, бүгінде компания Қырғызстанның рельс бекіткіштеріне деген сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Ресейге өнім экспортталып жатыр. Иран және басқа да елдермен экспорттық бағыттағы келіссөздер жүріп жатыр, бұл үдерістер тиісті салалық министрліктердің қолдауымен іске асуда.

Компания басшысы Түрікменстандағы теміржол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды жобаларға қызығушылық білдіріп, бұл елге тікелей өнім жеткізуге және болашақта өндірісті сол елде орналастыруға дайын екенін жеткізді.

Көрме барысында индустриялық парктің жалпы құны 36,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы техникасы, жиһаз, есік және тоңазытқыш шығаратын 6 жұмыс істеп тұрған жобасы таныстырылды. Келесі кезеңде 39 млрд теңгеден астам инвестиция тарту арқылы тағы 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz