Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жоғалмаған, қыдырып жүрген: Талғарда іздеу жарияланған 22 жастағы бойжеткен мешітте жүрген

Талғарда із-түссіз жоғалды деп іздеу жарияланған қыз дін-аман, деп хабарлайды Alataunews.kz.

12.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Талғар қаласының тұрғыны 7 тамыз күні қызы жоғалып кеткенін айтып, төтенше жағдай мамандарына тауып берулерін өтінген. Өтініш түскен бойда облыстық төтенше жағдай мамандары Талғар маңындағы тау шатқалы мен өзендерді түгел тексерді. Оқиға орнында сүңгуірлер мен кинолог мамандар жұмыс істеді.

«Қыздың туыстары суға батып кетті ме деген күдікпен бізге өтініш айтты. Бірақ, іздеу жұмыстары кезінде қыздың денесі табылмады», — дейді Алматы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Алайда, «жоғалып кетті» деп іздеу жарияланған 22 жасар Мақпал Бринатеваның бүгін мешітте жүргенін көргендер туыстарына хабарласқан. Кей ақпараттар бойынша бойжеткен жігітімен қыдырып жүрген. Бұл ақпараттан соң төтенше жағдай мамандары іздеу шараларын тоқтатты.

Тегтер: Талғар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz