Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға 150,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленді

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 851,4 мың отбасы қамтылды. Жалпы төленген сома 150,9 млрд теңге, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2025
Жаңалықтар

Атап айтқанда:
? Көпбалалы отбасыларға – 609,5 мың отбасыға 131,5 млрд теңге;
? Наградталған аналарға – 241,9 мың адамға 19,4 млрд теңге көлемінде төлем жүргізілді.

Тек 2025 жылғы наурыз айының өзінде:
– 857 мың отбасыға жалпы сомасы 51,1 млрд теңге төленді,
– Соның ішінде 614,8 мың көпбалалы отбасы – 44,6 млрд теңге,
– 242,2 мың наградталған ана – 6,5 млрд теңге көлемінде қолдауға ие болды.

 Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы шарттары:

Бұл төлемге 4 және одан да көп бірге тұратын баласы бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Балалар кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент болуы тиіс.

2025 жылы төлем мөлшері келесідей:

  • 4 бала – 63 030 теңге

  • 5 бала – 78 798 теңге

  • 6 бала – 94 565 теңге

  • 7 бала – 110 332 теңге

  • 8 және одан да көп бала үшін – әр балаға 15 728 теңге

 Наградталған аналарға арналған жәрдемақы:

Мемлекеттік марапат иелеріне – «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» атағы немесе «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленеді.

2025 жылы ай сайынғы төлем мөлшері:

  • «Күміс алқа» иелеріне – 25 165 теңге

  • «Алтын алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» ордендерінің иелеріне – 29 097 теңге

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артты.

Бұл – әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға және аналарды қолдауға бағытталған нақты мемлекеттік шаралардың бір көрінісі.

Фото: ашық дереккөзден

Тегтер: жәрдемақықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz