Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Білім басқармасы: оқушы мектепке формасыз келсе де партаға отыруға құқылы

Оқушы білім ордасына арнайы мектеп формасын кимей келмесе де, сабаққа қатысуға құқылы. Мұны бас қаланың білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

12.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Оқу-ағарту министрлігі биыл бірыңғай мектеп формасы міндеттелмейтінін мәлімдеді. Ең бастысы – оқушы білім ордасының қарапайым ережелеріне сай киінсе болғаны. Ескерте кетейін, баланың білім алу құқығын ешкім шектемеуі керек. Егер бала мектеп формасымен келмесе де, оны ұстаз партаға отырғызуға міндетті», — деді білім басқармасының басшысы.

Қасымхан Сенғазыев бұл мәселелер арнайы ұйымдастырылатын кеңесте ата-аналар комитетімен талқыланып, шешім қабылданатынын айтты.

«Жыл сайын мектеп формасына қатысты мәселе қызу талқыланады. Бала бір мектептен екінші мектепке ауысқанда, ата-аналар оларға форма сатып алмауы керек екенін түсінуіміз керек. Сондықтан, біз оларға қара көк түсті киім үлгісін ұсындық. Мектеп формасы бойынша соңғы шешімді ата-аналар мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып қабылдайды», — деп түсіндірді Қасымхан Сенғазыев.

Бұдан бөлек, брифинг аясында білім басқармасының басшысы астанада үш ауысыммен істейтін 4, ал бала саны шамадан тыс көп 15 мектеп бар екенін баяндады.

Тегтер: мектеп формасыоқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта десантшылар тактикалық даярлықтарын жетілдірді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Алматы облысында өткен Park Live фестивалі 50 мыңға жуық көрермен жинады

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Үкіметте Alatau City-дің негізгі жобаларының жүзеге асырылу барысы қаралды

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Алматы облысы мен Франция арасындағы тауар айналымы 4,3 есеге өсті

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz