Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы әуежайындағы кепілге алу ісі бойынша сот басталды

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында 67 жастағы Машрапбек Баратовқа қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2025
Жаңалықтар

Ол 2025 жылғы 7 наурыз күні Алматы халықаралық әуежайында қауіпсіздік қызметінің 23 жастағы қызметкері Ботагөз Мұхтарованы кепілге алған болатын.

Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам тексеру аймағында қызмет атқарып жүрген қызға ас үй пышағын бағыттап, рюкзагында жарылғыш зат бар екенін айтып, жарылыс жасайтынын ескерткен. Осы сәтте әуежай жолаушылары мен қызметкерлері арасында үрей туып, төтенше жағдай орын алды.

Оқиға орнында түсірілген видео Telegram желісінде кеңінен тарады. Кадрлардан ер адамның әуежай қызметкерін шашынан тартып, пышақпен қоқан-лоқы көрсетіп жатқан сәті анық көрінеді.

Кейін видео кадрларынан ер адаммен келіссөз жүргізуге келген бейтаныс азаматтың ерлік әрекеті де байқалды. Ол қаскөйдің назарын өзіне аударып, қызды босатуды сұрайды. Оңтайлы сәтті пайдаланып, ер адам Баратовтың қолындағы пышақты жұлып алып, оны залалсыздандырады. Бұл әрекет қоғамда кең қолдау тауып, желі қолданушыларының ризашылығына ие болды.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары үш бап бойынша қылмыстық іс қозғады:

  • Кепілге алу – ҚР Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша (адамды кепілге алу, өмірге қауіпті тәсілмен жасалған әрекет). Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған тұлға 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

  • Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық – ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша. Мұндай әрекет үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

  • Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – ҚР ҚК 273-бабы бойынша. Бұл бапта 5 000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі таңда Машрапбек Баратов қамауда отыр. Сот процесі жалғасуда. Ал қоғамдық резонанс тудырған бұл оқиға құқық қорғау саласында қауіпсіздік шараларын қайта қарау қажеттілігін көрсетті.

Фото: видеодан жасалған скрин

Тегтер: алматықылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz