Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа айыппұл күшіне енді

Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылдың 13 наурызынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтергендерге ескерту берілмей, тікелей айыппұл салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.04.2025
Жаңалықтар

Аталған өзгерістер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 204-4 бабына енгізілген. Бұрын мұндай заң бұзушылық үшін алғаш рет тек ескерту жасалатын болса, енді айыппұл бірден қарастырылады.

Айыппұл мөлшері мынадай:

  • Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – 5 АЕК (19 660 теңге);

  • Орта бизнес – 35 АЕК (137 620 теңге);

  • Ірі сауда желілері – 150 АЕК (589 800 теңге).

Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе артады.

Министрліктің хабарлауынша, бұл өзгерістердің басты мақсаты – әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақты ұстап тұру және спекуляция мен негізсіз қымбаттаудың алдын алу.

Қазір сауда орындарына бақылау күшейтілді, әрбір кәсіпкер 15% шекті сауда үстемесін сақтау міндетін орындауы тиіс.

Баға өзгерісінің соңғы динамикасы

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың 1 сәуіріне қарағанда, ӘМАТ индексі бір аптада 0,3% өскен. Дегенмен, қаңтар–ақпан айларымен салыстырғанда баға өсімінің қарқыны бәсеңдегені байқалады.

«Өткен аптада нан, рожки, қарақұмық, күнбағыс майы, кефир мен тұз бағасы тұрақты болды. Ал сиыр еті, қырыққабат пен картоп бағасында аздап өсім тіркелді. Көкөніс бағасының көтерілуі маусымаралық кезеңмен және логистика мен коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуімен байланысты», – делінген хабарламада.

Бұл бастама тұтынушылардың мүддесін қорғауға бағытталған және баға әділдігін қамтамасыз етугемүмкіндік береді.

Фото: ашық дереккөз

Тегтер: айыппұлқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz