Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қазгидромет» сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» РМК сәуірде күн жылынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2025
Жаңалықтар

Синоптиктердің болжамына сәйкес, сәуірде жылу біртіндеп күшейіп, температура көрсеткіштері бірқалыпты жоғарылайды. Көпжылдық мәліметтерге сүйенсек, сәуірдің алғашқы онкүндігінде елдің солтүстігінде орташа тәуліктік температура 0°С-тан жоғары көтерілсе, оңтүстікте +10°С-тан жоғары деңгейде тұрақтайды.

Сәуірдің алғашқы күндері не күтеміз?
Айдың басында солтүстік өңірлерде жауын-шашын жауып, жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Көктайғақ пен тұман да болуы ықтимал. Оңтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Ауа температурасының өзгерісі келесідей болады:

  • Батыс өңірлерде түнде +8…+13°С-тан -3…+8°С-қа дейін төмендесе, күндіз +18…+25°С-тан +11…+16°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Алайда кей күндері оңтүстік-батыста +20…+28°С дейін жылы болады.

  • Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс аймақтарда түнгі температура -5…+5°С-тан +3…+8°С-қа дейін, күндіз +8…+13°С-тан +15…+22°С-қа дейін көтеріледі.

  • Оңтүстік өңірлерде түнде +2…+10°С-тан +10…+15°С-қа дейін, күндіз +18…+25°С-тан +25…+30°С-қа дейін жылы болады.

  • Оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы -5…+5°С-тан +7…+12°С-қа дейін, күндіз +12…+20°С-тан +18…+27°С-қа дейін көтеріледі.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде
Солтүстік аймақтарда жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде болады. Үшінші онкүндікте негізінен жаңбыр жауады. Елдің көп бөлігінде температура түнде +5…+13°С-тан -3…+5°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-тан +8…+13°С-қа дейін құбылады. Ал оңтүстік пен батыста күн +23…+32°С дейін жылынуы мүмкін, дегенмен кей күндері +10…+18°С дейін салқындауы ықтимал.

Айта кетейік, бір айлық болжамдар синоптикалық жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Сондықтан «Қазгидромет» нақты онкүндік болжамдарды қадағалауға кеңес береді.

Тегтер: ауа райықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz