Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өңірлерде жұмыс кестесі өзгереді: Мәслихат депутаттары жаңа бастаманы қолға алды

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өңірлерде мәслихат депутаттары жұмыс уақытын оңтайландыру мақсатында жұмыс кестесін түзету бойынша бастама көтергенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2025
Жаңалықтар

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер халыққа қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.

«Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар және Күршім аудандарында жұмыс кестесі 08:00-ден 17:30-ға дейін болып өзгертілді. Бұл бастама тұрғындар тарапынан қолдау тапты. Қажет болған жағдайда мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де енгізілуі мүмкін», – деді Арман Шаққалиев.

Айта кетейік, 5 қаңтардан бастап Қатонқарағай ауданының 17 ауылында жұмыс күні 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталатын жаңа кесте енгізілді. 24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандары да осы тәртіпке көшті.

Ал 5 наурыздан бастап Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самар аудандарының тұрғындары да жұмыс күнін бір сағат ертерек бастайтын болады.

Тегтер: Басты жаңалықтарбірыңғай уақыт белдеуіқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz