Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен егіз бауыры Ерланның қылмыстық іске қатысы бар екені әшкереленді

Нұрлан Нығматулин мен бауыры Ерланның рейдерлік жайлы қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап.

11.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Балқаш оқиғалары жайлы екі кәсіпкердің арақатынасы астанадағы Антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан қылмыстық істің фабуласына айналды. Ол биыл сәуір айында басталған. Бұл істің шеңберінде Сұлтанбеков зардап шегуші болып танылды. Демалыс аймағына қатысты және өзге де ақпараттарды айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр, жедел топ құрылды. Бұл істің аясында Нығматулиндердің қатысы мен олардың қаншалықты әсер еткені бағаланып жатыр», – деді адвокаттар коллегиясының адвокаты Мәулен Әлімбаев.

Ерлан Нығматулинмен арадағы даудан кейін 2012 жылы балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков 21 жылға сотталып, оның 10 жылын түрмеде өткізді.

Қарағанды облысы аймақтық кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі Николай Абт кәсіпкер мен Нығматулин арасындағы жанжал 2011 жылы Сұлтанбеков қаладағы жемқорлық мәселесін көтерген соң басталғанын айтады. Кейін Балқаш прокуратурасы қаланы абаттандыру бойынша тендерлер өткізу кезіндегі өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Қарағанды облысы бойынша қаржы полиция департаменті жүргізген сараптамадан соң мемлекеттік тапсырыс негізінде республика қаражатының шығындалғаны белгілі болды.

2012 жылдың 27 желтоқсанында Балқаштан астанаға барар жолда Сұлтанбеков заңсыз қару ұстағаны үшін ұсталды. Тергеу 6 күнде аяқталып, кәсіпкер 3,5 жылға сотталды. Кейін бұл жаза 21 жылға айналған. Жазасын өтеу кезінде Сұлтанбековтің үстінен тағы 5 қылмыстық іс қозғалды. 2022 жылы, 10 жылдан кейін кәсіпкерге қатысты 3 қылмыстық іс қайта қаралып, ол ақталып шықты.

Адвокат Юлия Джафарованың сөзінше, Сұлтанбековке қатысты істердің барлығы қолдан жасалған.

«Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Сұлтанбековтің ісі бойынша зардап шегуші болып танылған адамдарға өздері әдейі дене жарақаттарын келтірген. Кейін қысым көрсетіп, Сұлтанбековтің үстінен арыз жазуға мәжбүрлеген. 2022 жылдың 27 шілдесінде ШҚО сот коллегиясының шешімімен оған қатысты үш қылмыстық іс жойылды», – деді ол.

Енді қорғанушы тарап Сұлтанбековтің тағы үш іс бойынша да кінәсіз екенін дәлелдемекші.

«Барлық 6 істің де өз ерекшелігі бар, бәрінің бірден күшін жою мүмкін емес. Сұлтанбековті ақтау ісі жалғасып жатыр. Тағы үш қылмыстық іс қалды, солардың бірі 2012 жылы қозғалған», – деді Мәулен Әлімбаев.

Тегтер: қылмыстық ісНұрлан Нығматулин

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz