Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қылмыстық процесте ақтау үкімдерінің саны 7 есеге артқан

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Alataunews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

11.08.2022
Жаңалықтар, Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасының еліміздегі сот төрелігінің қазіргі ахуалы туралы баяндамасын тыңдады.

Жақып Асанов қылмыстық процесте ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ақтау үкімдерінің саны 7 есе артқанын жеткізді. Құқық қорғау органдары қамауға алуға қатысты әрбір бесінші іске санкция ала алмаған. Әрбір үшінші шағым бойынша соттар тергеушілер мен прокурорлардың әрекеттерін заңсыз деп таныған.

Президентке азаматтық даулар бойынша жұмыс тәсілінің өзгергені баяндалды. Соттар әкімдіктермен бірлесіп, дауларды шешудің соттан тыс институттарын дамытып келеді. Даусыз талап арыздар нотариустарға берілген және арбитраждардың, медиаторлардың, заң консультанттары мен еңбек инспекторларының құзыреттері кеңейтілген. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде сотқа түсетін талап арыздар саны 2,5 есеге – 900 мыңнан 340 мыңға дейін азайған. Соттағы татуласумен аяқталған істер 37 пайызға дейін артты.

Биыл 1 тамыздан бастап аумақаралық сот енгізілді. Істер автоматты түрде судьялардың мамандануын ескере отырып, бір соттың ішінде емес, бүкіл ел аумағындағы соттардың арасында бөлінеді. Жақып Асановтың айтуынша, бұл – жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс.

Мемлекет басшысы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот процестерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ сот кадрларын іріктеуді жетілдіруге бағытталған қадамдар қажет екенін атап өтті.

Тегтер: Жоғарғы сотмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz