Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері көкөністер мен жемістердің құны 10% өсті

Қазақстан көкөністер мен жемістер бағасының өсуі бойынша 94 елдің ішінде 25-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Alataunews.kz Picodi.com сайты таратқан мәліметке сілтеме жасап.

11.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Бағаларды салыстыру үшін картоп, қызанақ, пияз, салат, апельсин, банан және алма таңдап алынды.

Рейтингке енген 94 елдің ішінде Түркия таңдалған өнімдер құнының жалпы өсуі бойынша бірінші орынды иеленді. Аталған жемістер мен көкөністердің шартты жиынтығы 2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 72,2% қымбаттады. Сонымен қатар, Түркияда қызанақ қымбаттады: олардың орташа құны 121% өсті.

Бағаның өсуі бойынша екінші және үшінші орындарда Беларусь пен Ресей: тиісінше 33,4% және 27,3%. Беларуссияда қызанақ 52%, ал Ресейде картоп 45% қымбаттады.

Қазақстан бұл рейтингте 25-ші орында тұр. Бізде баға 10% өскен. Елде картоп 23,6% қымбаттады. Оның орташа құны 181 теңгеден 223 теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ банан 581 теңгеден 661 теңгеге дейін қымбаттады. Апельсин бағасы аса өскен жоқ 0,9%, 708 теңгеден 714 теңгеге дейін көтерілді.

Таңдап алынған өнімдердің құны төмендеген елдер де бар. Бұл жағынан көшбасшылар Доминикан республикасы, Эквадор және Боливия.Аталған елдерде шартты жеміс-көкөніс себетінің құны сәйкесінше 5% және 8% төмендеді.

Тегтер: жемісҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz