Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанадағы ескі вокзалдың маңында жарылыс болды

Астанадағы ескі вокзал аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.02.2025
Жаңалықтар

Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.

«Оқиға орнына дереу құтқарушылар келді. Өрт болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ТЖМ өкілдері.

«Қазақстан темір жолы» бөлімшесінің кезекшісі 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болғанын айтты.

«14 ақпан сағат 00:30-да. Астана стансасының сұрыптау жолында жүк контейнері жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Контейнер жеке компанияға тиесілі болып шықты», – делінген хабарламада.

Аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Тегтер: астанатемір жол

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz