Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында дауыл кезінде қаза тапқан ұлан наградаға ұсынылады

Дауыл кезінде қаза тапқан Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Алмас Шахимов марапатқа ұсынылады. Бұл туралы 5571 әскери бөлімінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

11.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ал ҚР Ішкі істер органдарының медиа орталығы таратқан мәліметке сәйкес, әскерилерге дабылды ескерту жасалған жоқ. Бұны «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары Бекайдар Қазкеев растап отыр.

«Табиғи апаттарды болжау мүмкін емес. Дауыл туралы ескерту болған жоқ. Ол өз өміріне қауіп төнсе де, әріптестеріне көмектесті, соңғы болып шатырдан шықты. Қатты желдің салдарынан металл конструкциялар құлады. Ол басынан жарақат алды, ауруханаға жеткіздік. Бірақ, өкінішке қарай, сағат 21:30-да қалалық аурухананың дәрігерлері жауынгердің қаза болғанын хабарлады», – деп атап өтті Бекайдар Қазкеев.

Сол күні оқу-жаттығуда 250 сарбаз болған. Бірақ дауыл басталғанда көбісі бір шақырым жердегі атыс алаңында жүрді. Шатырды әскери қызметшілердің өздері командирлердің басшылығымен құрастырды. Ол ресейлік өнім. Бөлімге жіберер алдында барлық шатырды комиссия тексеріп отырады.

Айта кету керек, қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың денесі әскери бортпен Алматыдан Көкшетауға дейін жеткізіледі. Заң бойынша ата-анасына 500 АЕК (1 531 500 теңге) және 80 АЕК (245 040 теңге) материалдық көмек көрсетіледі.

Тегтер: наградаоқыс оқиға

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz