Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жағажайдағы ескі-құсқының көзін жоятын кез келді – әкім

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қаладағы 6,7-ші жағажайларды жаңартып, жаңғыртатын уақыт келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.02.2025
Жаңалықтар

Баршаға мәлім, 2024 жылы №5 жағажай қолданысқа берілді. Қазір «Фридом финанс» компаниясы 1 шақырым жағажайды абаттандырып жатыр. Құрылысы жақын арада аяқталады деп жоспарланған. Сондай-ақ құрылыс жұмыстары №8 жағажайда да жүріп жатыр. Алдағы уақытта 5 шақырымнан астам жағажайды абаттандыру, Солтүстік жағажайларды да кезең-кезеңімен дамыту көзделіп отыр.

Енді жуық арада 6,7-ші жағажайды абаттандырып, қолданысқа беру қажеттілігі туындап отыр. Себебі, шомылу маусымында осы қалалық жағажайға келіп, демалатын адамдардың саны басқа орындармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Туризмді дамыту, демалушыларға қолайлы орта құру, қызмет көрсету сапасын жоғарылату – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі. Жағажайды абаттандыру – инвестициялық тартымдылықты арттыру, облыс орталығының сәулеттік келбетін жақсарту үшін де таптырмас мүмкіндік.

Мұндағы бизнес орындарының қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді: қираған темір жабдықтар, қоқыс толған аумақтар, тапшандар.

Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан мұнда 42 кәсіпкер қызмет еткен. Олар коммуналдық мемлекеттік мекемемен келісімшартқа отырып, арзан бағада бизнес орындарын жалға алып әрі ағымдағы жөндеу ғана жасап отырған. Енді ол заман келмеске кетті – дейді әкім.

Мәселені түбегейлі шешу үшін әкімдіктің дөңгелек үстелінде «Қонаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның өкілдері, бөлім басшылары, кәсіпкерлер жиналды.

«Жыл басында аумағы 7,5706 гектар жағажай «Қонаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға 10 жылға уақытша пайдалануға берілді. Енді корпорация жағажайды жаңғыртуға белсене кіріспек ниетте», — деді Асхат Бердіханов.

Ал корпорация мамандары кәсіпкерлерге керемет мүмкіндіктер ұсынды:

  1. Егер құрылыс корпорация қаржысына ғана жүргізілсе, абаттандыру толық аяқталған соң, сенімгерлік басқарушы компания бизнес орындарын жалға алуға конкурс өткізеді. Оған кез келген кәсіпкер қатысуына болады;
  2. Егер құрылысқа кәсіпкерлер өздері қаржы құйса, нысанды бірден бірнеше жыл жалға алуға мүмкіндік қарастырылады.

Кәсіпкерлер әлі де бұл мәселені талқылау қажеттілігін жеткізді. Олар құрылыстың қымбатқа соғатынын алға тартты.

«Жағажайды жөндеуге инвестор тартсақ, жаңа жұмыс орындары құрылғанымен, басқа кәсіпкерлердің жұмысы тоқтап қалады. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында «Қонаев ӘКК» АҚ-мен серіктес болуға шешім қабылдадық», — деді әкім.

Сонымен қатар ол былтыр шомылу маусымында қалаға 1,5 млн демалушы келгенін айтты.

«Биыл көрсеткішті жоғарылату қажет. Ол үшін жағалауларды заманауи әрі көрікті етсек артық болмайды», — деді Асхат Бердіханов сөзін қорытындылап.

Аталған мәселеге байланысты қосымша ақпараттар алдағы уақытта жарияланады.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Саденов рассказал, как проходит расследование смертельного ДТП в Алматы

Николай Иващенко
04.04.2026

Движение транспорта на поврежденном участке трассы «Кеген-Нарынкол» восстановлено

Николай Иващенко
04.04.2026

К 180-летию высажено 180 саженцев в Алматинской области

Николай Иващенко
04.04.2026

В Жамбылском районе началась весенняя посевная кампания

Николай Иващенко
04.04.2026

Часть дороги «Кеген-Нарынкол» обрушилась Алматинской области

Николай Иващенко
03.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz