Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Gate City» қалашығында 900 орынға арналған мектептің ірге тасы қалануда

Өткен жылдың қаңтар айында құрылған жаңа қалада құрылыс жұмыстары қарқынды. Іле ауданының құрамында болған, бүгінде асқаралы Алатаудың атын иемденген бұл шаһарда 50 мыңнан астам халық тұрады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.02.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
12 ықшам  ауданы бар өңірдің инфрақұрылымын жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында 13 «өсу нүктесі» анықталып, олардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен инженерлік-коммуникациялық желілердің техникалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл туралы алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы баспасөз мәслихатында айтты.
«Халық қаласа, хан түйесін сояды» демекші, бұқараның жергілікті биліктен сұрағаны заманауи жабдықталған аурухана, яғни, сапалы медициналық қызметке қол жеткізу екен.  Халық үніне құлақ асуды ұйғарған әкімдік бірнеше ықшам  ауданда медициналық мекеменің құрылысын бастауға ниетті.  Атап айтар болсақ, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Еңбек және Жаңаарна ықшам аудандарында 2 фельдшерлік акушерлік пунктің құрылыс жұмыстары жүргізілуде және ағымдағы жылы қолданысқа беру көзделіп отыр.
«Жетіген және Қоянқұс ықшам ауданында 250 орындық емхананың, сондай-ақ Жаңадәуір ауылында  жаңа дәрігерлік амбулаторияның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Жобалау жұмыстарының оң сараптамалық қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады», — деді Алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы.
Бұдан бөлек, шаһар аумағында «жайлы мектеп жобасы» жанданған.  Қала басшысының сөзіне сенсек, 2024 жылы ұлттық жоба аясында Еңбек ықшам ауданында жобалық қуаттылығы 600 орынға арналған мектеп қолданысқа берілді. Сонымен қатар, осы жоба шеңберінде  «Gate City» қалашығында  900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде және ағымдағы жылы қолданысқа беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жетіген ықшам ауданында 280 орындық мәдениет үйі мен 100 келушіге арналған  спорт кешенінің құрылысын салу үшін 1 гектар жер телімі бөлініп, бүгінде жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.
 Қала әкімі Әркен Хамитұлы былтыр 46 млрд.теңге инвестиция тартылғанын алға тартуда. Ал, биыл бұл көрсеткіш 100,7 млрд.теңгеге жетуі тиіс.
«Қазіргі таңда, қалаға инвестиция тарту мақсатында «Алатау арнайы экономикалық аймағы» басқарушы компаниясымен және Алматы облысының Өңірлік даму орталығымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде.Ағымдағы жылы 10 ірі инвестициялық жобаның құроылысы басталад», — деп қорытындылады қала әкімі Әркен Хамитұлы.
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржаңалық

Соңғы жаңалықтар

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Али Хаменейдің ұлы Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы атануы мүмкін – БАҚ

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz