Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Республикалық «Нарынқол-Кеген» күре жолы жөнделеді

Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

Райымбек ауданының әкімінің айтуынша, 2024 жылы жолдың 15 шақырымы сәтті аяқталып, қалған 74 шақырымына арнайы қаражат бөлініп, «Қазавтожол» мекемесі көктем маусымында жөндеу жұмыстарына кіріседі.

Бұл бастама нарынқолдықтар үшін ақжолтай жаңалыққа толы болмақ. Аудан басшысы тұрақты келеңсіздіктерді шешуге бағытталған бірқатар маңызды шаралардың іске асырылатынын атап өтті. Мысалы, 2025 жылы Райымбек ауданы толқытай орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Өңірде 20 елді мекен мен 11 ауылдық округ орналасқандықтан, Қарасаз пен Шалкөде ауылдарына су тарту жұмыстары бүгінгі күннен бастап қолға алынып, жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр. Бұған қоса, өткен жылы Тұзкөл, Тегістік және Көкбел ауылдарының ауыз су жүйелері табысты іске қосылғанын ескеру қажет.

Аудан басшысы Берік Дүйсенбаев халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту мақсатында бағаны тұрақтандыру бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Аграрлы өңірде ұн бағасы нарықтық деңгейден 3-4 мың теңгеге арзан ұсынылып, тұрғындардың көңілі толып отыр. «Райымбек НАН» ЖШС мен «Алтын Дән» ЖШС ұсынатын арзан бағадағы ұн өнімдері халық үшін тиімді жағдай туғызуда.

Сонымен қатар, Нарынқолда арнайы азық-түлік дүкенінің ашылуы жоспарланып отыр. Бұл қадам өңірдегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қалтаға ауырлық салмай, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға септігін тигізеді деп сенім артады аудан әкімшілігі.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, өңірде тірі салмақтағы мал мен құс етін өндіру 10,1%-ға, ал сиыр сүтін өндіру 4,5%-ға өскені назар аударарлық. 2024 жылы Райымбек ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 42%-ға артып, 944,5 млн. теңгеге жетті. Тауар айналымы айтарлықтай өскендіктен, нақты индекс 110,2 пайыздық көрсеткішке ие болды, ал ауданға тартылған инвестиция көлемі жалпы 10 млрд. 52,4 млн. теңгеге жетті.

Осылайша, «Нарынқол–Кеген» күре жолының жаңғыртылуы мен ауданда жүргізіліп жатқан өзге де әлеуметтік-экономикалық жобалар – өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, елдің жарқын болашағына сенімді қадам болып отыр.

Тегтер: автожолАлматы облысыБасты жаңалықтаржөндеу жұмыстары

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz