Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевтық Ваид Теңізбаев «Толағай» додасында топ жарды

Бүгін Қонаев қаласының орталық алаңында «Толағай» алыптар сайысы өтті. Додада бағы мен бабы қатар шауып, қонаевтықтардың жерлесі Теңізбаев Ваид жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

10.08.2022
Аймақ, Жаңалық

Кешкі сағат 17:00-де басталған жарыс бірнеше спорт түрі бойынша өтті:

  • 10 кг найзаны оң немесе сол қолмен ұзындыққа лақтыру;
  • ұзындығы 1,5 метр темірді желкесіне қойып, қолдың көмегімен майыстыру;
  • салмағы 141 кг тасты көтеріп, қашықтыққа жүру;
  • салмағы 100 кг бөренені иыққа салып, отырып – тұру;
  • 500 кг құммен толтырылған арбаны құмды жерде қашықтыққа сүйреу.

Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 23 спортшы қатысты. Бірде Панфилов ауданының жігіттері жоғары көрсеткіш көрсетсе, бірде Қонаев, бірде Райымбек ауданының жігіттері оза шауып отырды. Десе де, кіл мықтылардың ішінен суырылып шыққан Ваид Теңізбаев «Толағай» атанды.

«Жарысқа ұзақ уақыт дайындалғам жоқ. Тек спортты жанымның серігі еткеніме көп жылдың жүзі болды. Спортзалдан шықпай, жаттығу жасау әдетіме айналған. Бүгінгі додада мына бір спорт түрі қиындық тудырды деп айта алмаймын. Жарысқа қатысқан спортшылардың бәрі мықты, жігерлі, қажырлы екен. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», — деді ол өз сөзінде.

Ал жүлделі ІІ орынды талдықорғандық Бирсанов Ибрагим, ІІІ орынды Жетісу облысы, Панфилов ауданының тумасы Қауменов Дәурен иеленді.

Барша жеңімпаздарға ақшалай сертификат берілді.

Айта кетейік, жарыстың құрметті қонақтары қатарында ауыр атлетика чемпионы Илья Ильин, тұңғыш Қазақстан Барысы Рысқұл Ұлан, бокстан әлем чемпионы Садриддин Ахмедов, үш дүркін ҚР Барысы, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы Бейбіт Ыстыбай болды.

 

1 of 9
- +
Тегтер: Қонаевсайыс

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz