Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда атом электр станциясын салатын әлеуетті мердігерлер анықталды

Энергетика министрлігі Қазақстанда салынатын атом электр станциясының (АЭС) құрылысын жүргізуге мүмкіндігі бар әлеуетті мердігерлердің қысқа тізімін жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.01.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан атом энергетикасына қатысатын вендорларды ұлттық мүддені ескере отырып іріктейді. Осы орайда, министрлік атом электр станцияларын салу технологияларын ұсынатын потенциалды жеткізушілермен бәсекелестік диалогты аяқтағанын хабарлады.

АЭС құрылысына қатыса алатын компаниялар

Қысқа тізімге төрт ірі халықаралық компания енді:

  • «Росатом» мемлекеттік корпорациясы (Ресей)
  • KHNP (Оңтүстік Корея)
  • CNNC (Қытай)
  • EDF (Франция)

Осы компаниялар Қазақстанда атом электр станциясын салу технологияларын ұсынуға лайықты деп танылды.

Қорытынды шешім 2025 жылы қабылданады

21 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресейге жұмыс сапарымен барып, тендерге қатысушы компаниялардың ұсыныстарын бағалау бойынша келіссөздердің соңғы кезеңін өткізді. Бұған дейін 2024 жылдың қазан-желтоқсан айларында осындай сапарлар Корея, Франция және Қытайға ұйымдастырылған болатын.

Министрлік таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, АЭС жобасын жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл мәселе 2025 жылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін, халықаралық нормалар мен міндеттемелерді ескере отырып қарастырылмақ.

Тегтер: Алматы облысыаэсБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz