Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Павлодардағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы ұрып-соққан

Әлеуметтік желілерде балабақшада баланы төсекке жатқызып, оны бірнеше рет ұрған әйелдің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Alataunews.kz сайты Pavlodarnews.kz таратқан мәліметке сүйеніп.

10.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Видеоға қатысты Павлодар облысының білім басқармасы түсінік берді.

«Бейнебақылау камерасындағы жазбаны қарау кезінде Павлодар қаласындағы №4 балабақшада тәрбиешінің көмекшісі балаға қол жұмсағаны анықталды», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

9 тамызда №4 балабақша әкімшілігіне баланың анасы қызының аяғы көгергенін айтып шағымданған. Бақылау камерасын қарау кезінде бала аяғын кереуеттің шетіне өзі ұрып алғаны белгілі болды.

«Алайда камералардан жазбаларды одан әрі қарай қараған кезде тәрбиешінің көмекшісі баланы ұрғаны анықталды. Бұл жағдай 9 тамыз күні ұйықтайтын бөлмеде балаларды күндізгі ұйқыға жатқызу кезінде болған», — деп түсіндірді білім бөлімінің өкілі.

Осыған орай мектепке дейінгі ұйым басшысының міндетін атқарушыдан, тәрбиеші көмекшісінен түсініктеме алынды. Жұмыс берушінің бастамасымен тәрбиешінің көмекшісімен еңбек шарты бұзылған.

Дұрыс бақыламағаны үшін мекеме басшысының міндетін атқарушыға сөгіс түрінде тәртіптік жазалау шаралары қабылданған.

Сонымен қатар бақылау жасамағаны үшін мекеме басшысына сөгіс жарияланды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше бұл факт бойынша іс тіркелді.

Тегтер: қоғамПавлодартәрбиеші

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz