Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

АҚШ-та TikTok жұмысын тоқтатты

TikTok АҚШ-та тиісті федерал тыйым күшіне енбей тұрып, жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.01.2025
Әлем

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қолданбаны ашуға тырысқан қолданушылар TikTok-тың қолжетімсіз екені туралы хабарламаны көреді.

«АҚШ-та TikTok-ты пайдалануға тыйым салатын заң қабылданды. Өкінішке қарай, бұл сіздің TikTok-ты әзірге пайдалана алмайтыныңызды білдіреді. Президент Трамп қызметіне кіріскен соң, TikTok-ты қалпына келтіру үшін бізбен жұмыс істейтінін нақты айтты. Жаңалықтарды бақылап отырыңыз», – делінген қосымшадағы хабарламада.

Ал Трамп TikTok-қа АҚШ-та тыйым салуға 90 күндік мерзім беруді жоспарлап отыр. АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп NBC News және ABC телеарналарына берген сұхбатында, бұл туралы инаугурациядан кейін мәлімдеме жасайтынын хабарлады.

«Бәлкім, 90 күнге ұзартамын – өздеріңіз білетіндей, 90 күндік мерзім бар. Біз бір шешім тапқанша, мұны жасаймын», – деді Трамп ABC News арнасына берген сұхбатында.

Жұма күні АҚШ Жоғарғы соты TikTok-қа тыйым салу туралы заңды растады. Заңға сәйкес, TikTok-тың иесі, қытайлық ByteDance компаниясы 19 қаңтарға дейін платформаны сатпаса, қосымшаға тыйым салынады. ByteDance сатып алушыны іздеуден бас тартқан.

Өз кезегінде TikTok өкілдері билік тарабынан кепілдіктер болмаған жағдайда, жексенбі күні АҚШ қолданушыларына қызметті өшіретінін мәлімдеді.

Ал TikTok пайдаланушыларының бұлтты деректерін АҚШ-та сақтайтын Oracle компаниясының басшылығы серверлерді өшіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Reuters The Information сайтына сілтеме жасап.

Тегтер: АҚШәлеуметтік желіБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz