Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

FWA технологиясы арқылы 100-ден астам ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі

Елімізде сымсыз байланыс технологиясы (FWA) бойынша пилоттық жоба аясында 100-ден астам ауыл интернетпен қамтылады. Бірінші болып Алматы облысындағы Сарыбай би ауылы қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
17.01.2025
Аймақ, Алматы облысы, Қоғам

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтудың жаңа әдісінің артықшылықтарын бағалап, Сарыбай би ауылының тұрғындарымен әңгімелесті.

Бұған дейін Сарыбай би ауылының тұрғындары ескірген ADSL технологиясы арқылы интернетке қосылып келген еді. Бұл технология жылдамдық пен қосылу сапасының шектеулігімен ерекшеленеді. Желі инфрақұрылымын құрудың жаңа тәсілі деректерді секундына 200-300 Мбит жылдамдықпен беруге, үлкен аумақтарды қамтуға және қолданушылар санының артуына қарамастан тұрақты қосылымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

105 үй жаңа технологияға қосылып, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Қазіргі уақытта тұрғындар белсенді түрде қосылуға өтінім беріп жатыр.

 

«Бұл технологияның ең басты артықшылығы – қымбат оптикалық желіні жүргізудің қажеттілігінсіз тұрақты және жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу. Бұл – қазақстандық ауылды цифрландырудың жаңа тәсілі, және біз бүгін Сарыбай би мысалында FWA технологиясының 5G негізінде қаншалықты тиімді әрі болашағы бар екенін көрдік. Енді осы ауылдың және басқа да ұқсас елді мекендердің тұрғындары қазіргі заманғы сервистер мен онлайн қызметтерді пайдалану мүмкіндігіне ие болады деп сенемін», – деп мәлімдеді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

«Қазақтелеком» компаниясы өзінің жаңа «Ауылтелеком» еншілес кәсіпорны арқылы табысты сынақтардың қорытындысы бойынша осы жобаны республикадағы басқа ауылдарда да енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа технология 7 ауылға енгізіліп, 200-ден астам үй шаруашылығын қамтыды. 2025 жылы 100-ден астам ауылды қосып, ауылдық елді мекендердегі 10 000-нан астам тұрғынды заманауи интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Біз еншілес ұйымдардың бірінің жұмысын ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге бағыттадық. Ауылтелеком қазіргі уақытта ең оңтайлы технологияларды анықтап, ауыл тұрғындарына сапалы интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну үшін жұмыс істеуде. Сарыбай би ауылындағы тестілеу көрсеткендей, заманауи сымсыз технологиялар – FWA ауылдық жерлерде интернетке жоғары жылдамдықты қосылу мәселесін тиімді шеше алады», – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Цифрлық даму министрімен кездескен бірқатар тұрғындар жаңа байланыс технологиясына қатысты пікірлерін білдірді. Дәстүрлі оптикалық желілерді алыс аймақтарда жүзеге асыру қиын әрі қымбат болған жағдайда, FWA технологиясы минималды инфрақұрылым шығындарымен интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Тегтер: FWA технологиясыинтернетцифрлық даму

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz