Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

“Шарын“ ұлттық паркінде қабан мен елік видеоға түсіп қалды

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сартоғай аймағында орнатылған фототұзаққа қабан мен еліктің ерекше сәті түсіп қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Шарын ұлттық паркі Қазақстанның табиғатты қорғау аумақтарының арасында ерекше маңызға ие. Мұнда жүйелі түрде орнатылған фототұзақтар жануарлар әлемінің алуан түрлі өкілдерін анықтауға, экожүйенің қазіргі жағдайын бағалауға және табиғатты қорғауға бағытталған шараларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Бұл бақылаулар ұлттық парктің жануарлар үшін аса маңызды мекен екенін дәлелдейді. Біз биоәртүрлілікті сақтау мен оны терең зерттеу жұмыстарын жалғастырамыз», — деп мәлімдеді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы Сартоғай аймағында фототұзақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін жануар — Орта Азиялық құндызды бейнетаспаға түсірген болатын.

Тегтер: Алматы облысышарын

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz