Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматыға Таяу Шығыс елдерінен келген туристер саны өткен жылғыдан 2,5 есе көп

Алматы бірінші рет Катардан келген  іскерлік туристер тобын қарсы алды, деп хабарлайды Alataunews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

09.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ірі ритейл компания Алматыға 47 қызметкерін жіберген. Саяхат кезінде 5 күн бойы араб туристері қаланың ең танымал көрнекті жерлерін аралайды.

Қазіргі таңда Алматыға Таяу Шығыс елдерінен туристер көптеп келіп жатыр. Бірінші тоқсанда қалаға 55 мыңнан астам шетелдік турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Олардың бір бөлігі Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы елдерінің инвесторлары мен туристері.

Мамандардың айтуынша, қаланы халықаралық нарықта ілгерілету үшін Алматы қаласының әкімдігі мен туроператорлар бірлесіп жұмыс істеген.

«Алматы қарапайым саяхатшылар мен бизнеске қатысы бар туристер арасында кең танылып келеді. Бүгін біз Катардан келген алғашқы ұйымдасқан іскерлік туристер тобын қарсы алдық. Қабылданған шаралардың арқасында Алматыға деген туристік дестинация ретіндегі қызығушылық артып отыр. Бұл жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Таяу Шығыстан келетін туристердің санын арттыру қаламыз үшін өте маңызды. Өзге елдермен салыстырғанда Таяу Шығыстан келген туристердің орташа чегі әлдеқайда жоғары», — деді «Алматы қаласының туристтік ақпараттық орталығы» ЖШС директоры Едіге Марғұлан.

Айта кетсек, 2021 жылдың соңында Алматы – Доха жаңа рейсі іске қосылды. Қазір осы бағыттағы рейстер саны аптасына төртке дейін көбейді. Qatar Airways жыл басынан бері 100-ден астам рейс жасады. Рейстер А-320 типті әуе кемесімен орындалады.

Тегтер: турист

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz