Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: Туризмді дамытуға жаңа қадамдар жасалды 

Қорлан Нұрланқызы
13.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысы Жер жанаты Жетісу  Қазақстандағы ең тартымды туристік аймақтардың бірі саналады. Елдегі әрбір оныншы туристік нысан осы өңірде орналасқан. Бүгінде облыс шетелдік туристер ағымы бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін 3-орында тұр. Облыстағы туризм әлеуетінің дамуы туралы Алматы облысының әкімі марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті. 

Соңғы екі жылда Алматы облысына келушілер саны 2 есеге артыпты. Бұл көрсеткіш 2022 жылы – 848,5 мың адам болса,  2024 жылы – 1 809,9 мың адамға жеткен. Ал шетелдік туристер саны 128 мыңға жетіп, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 12 есе көп.

« Биыл Қытай туристері ағыны да айтарлықтай өсті: 2023 жылдың 11 айында – 7,6 мың адам, ал 2024 жылдың 11 айында – 11,3 мың адам.Туризмнің дамуына оқиғалық туризм ерекше ықпал етуде. Осы стратегия аясында Алматы облысында бірқатар ірі іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар «Tengri Ultra» Ұлы дала марафоны, Іле-Балқаш регатасы, «Taklimakan Rally – 2024» автожарысы, «Race Nation Kazakhstan – 2024» жарысы»,- деді Марат Сұлтанғазиев.

Алматы облысы Көрікті Көлсай, Шарын шатқалы сынды туристік аймақтарымен танымал. Бұл өңірлерді көруге қызығушылық танытқандар отандық туризмді дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Бұл іс-шаралар жергілікті және шетелдік қонақтар үшін тартымды болып, өңірді танымал етуде. 2024 жылы жалпы құны 20 миллиард теңге болатын бірнеше туристік нысан іске қосылды. 

Марат Сұлтанғазиев туризм саласын дамытуға бөлнетін инвестициялық жобаларға тоқталды. Ол:« Қара каньонда шыны көпір салу – 1,5 миллиард теңге, «Ой-Қарағай» шипажайын кеңейту – 58 миллиард теңге, Қонаев қаласында аквапарк және «DoubleTree by Hilton» қонақ үйінің құрылысы – жалпы сомасы 77,5 миллиард теңгеге жоспарланып отыр»,- деді. 

Бұл жобалар Алматы облысының туристік тартымдылығын арттырып, мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер ықпа етеді. Туризмнің дамуымен облыс Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың біріне айналып келеді.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиеа

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz