Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы полициясы есірткі сайттарын жарнамалаған суретшілерді ұстады

Алматы полициясы есірткі сайттарын жарнамалаған суретшілерді ұстады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

09.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Полицейлердің мәліметінше, күдіктілер қаланың Алмалы ауданында ұсталған. Тексеру барысында олардың бірінен есірткі сатылатын сайттардың мекенжайлары жазылған трафареттер мен бояулар салынған байлам тәркіленді.

«24 жастағы Ч. есімді азамат осыған дейін қарақшылық жасағаны үшін сотталған. Жас жігіт тағы да заңды бұзды. «Суретшіге» серіктес табу қиынға соқпады. Ол еш жерде жұмыс істемейтін 32 жастағы И. есімді азаматты тапты. Сонымен қатар, екі айыпталушы да есірткі заттарын пайдаланған», — дейді полиция.

Күдіктілердің айтуынша, олар бұл іспен айналысып жүргендеріне бірнеше ай ғана болған.

«Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша сараланады. Заңнамада 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», — деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдіктілердің басқа да заң бұзушылыққа қатысы бар, жоғы анықталып жатыр.

Тегтер: Есірткіқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz