Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұмаудан қалай сақтану керек ?

Қорлан Нұрланқызы
09.12.2024
Жаңалықтар

Жіті респираторлық вирусты инфекциясы (ЖРВИ) мен тұмау әлемдегі ең өзекті медициналық, әлеуметтік, экономикалық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын әлемде 3-5 млн.-ға жуық адам тұмаудың ауыр түріне шалдығып, 250-500 мың адам көз жұмады. Мамандардың айтыуынша, тұмаудан сақтану үшін алдын алу шаралары мен дұрыс күтім маңызды рөл атқарады. Қыс мезгілінде иммунитетті күшейтіп, аурудан қорғанудың тиімді жолдарын білу әркімге пайдалы.

Тұмау вирусының белгілері:

• дене температурасының көтеріледі – 39 ° C және одан жоғары;

• дене қалтырайды;

• әлсіздік пайда болады;

• бұлшықеттер мен буындар ауырсынады;

• бас ауырады;

• көзден жас ағады;

• адам жарыққа сезімтал болады;

• тамақтың ауырады;

• құрғақ жөтел пайда болады;

• мұрыннан су ағады.

Кейде іштің ауыруы және диарея байқалады. Тұмау кезінде дене температурасының жоғарылауы бірнеше күнге созылуы мүмкін, дененің қызуы температура түсіретін дәрілердің әсерінен төмендемейді. Егер ауру асқынусыз болса, тұмау 7-10 күнге созылады. Осы уақыт ішінде тұмаудың белгілері біртіндеп жойылады, ал жалпы әлсіздік екі аптаға дейін созылуы мүмкін.

Тұмаудың алдын алу шаралары

Тұмаудың алдын-алудың тиімді әдісі – иммун жүйесін жыл бойы бабында ұстау. Иммунитетті күшейтудің әртүрлі әдістері бар, соның ішінде:

. Жыл сайын тұмауға қарсы вакцина алу – иммунитетті күшейтіп, вируспен күресуге көмектеседі.

·         Қолды жиі сабындап жуу, әсіресе қоғамдық орындарда болғаннан кейін. Бетке, мұрынға және көзге қолды тигізбеуге тырысыңыз.

·         Тұмау маусымы кезінде адам көп жиналатын орындардан мүмкіндігінше аулақ болыңыз. Бұл жерлерде вирустың таралу қаупі жоғары болады.

·         Иммундық жүйені қолдайтын пайдалы тағамдарды (жеміс-жидек, көкөніс, дәрумендерге бай азықтар) тұтыну маңызды.

·         Жүйелі түрде спортпен шұғылдану иммунитетті көтереді және ағзаны вирустардан қорғайды.

·         Бөлмедегі ауаны үнемі желдетіп, ылғалдылық деңгейін сақтау вирустың таралу қаупін азайтады.

·         Күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішу ағзаның жалпы саулығын қолдайды, иммундық жүйенің белсенділігін сақтайды.

·         Адам көп жерде болғанда маска кию немесе ауырып қалған адамдарға маска тағып жүру ұсынылады.

·         Қалыпты ұйқы тәртібін ұстанып, ағзаның демалуына мүмкіндік беру иммунитетті нығайтады.

Егер де тұмау белгілері пайда болса, өзін-өзі емдеуге тырыспай, дәрігерге жүгіну ұсынылады.

Тегтер: вирусденсаулық сақтау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz