Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Доллардың қымбаттауы азық-түлікке әсер етті ме?

Қорлан Нұрланқызы
29.11.2024
Жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин доллардың қымбаттауы еліміздегі азық-түлік бағасына әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Қазақстан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 10 түрі бойынша өзін толықтай қамтамасыз етіп отыр. Олардың қатарына ұн, тұз, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті және сәбіз кіреді. Сонымен қатар, 14 тауар бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80%-ды құрайды, ал 5 тауар түрі бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр. Мысалы, құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 60%, ірімшік пен сүзбе – 46%, ал қант – 44% деңгейінде қамтамасыз етілуде», – деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанда өндірілмейтін апельсин, банан, лимон сияқты көкөніс пен жеміс түрлерінің бағасына қатысты тәуекелдер бар, бірақ олардың қымбаттауы айтарлықтай болмайды. Соңғы аптада дүкендердегі бағалар өзгеріссіз қалған.

«Елімізде өспейтін цитрус жемістерінің бағасы төмендеуі мүмкін. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) осы өнімдерге кедендік әкелу бажын төмендету мәселесін қарастыруда. Бұл валюта бағамының әсерін азайтып, өнімдердің қолжетімділігін арттыруы мүмкін», – деді Жұманғарин.

Сонымен қатар, вице-премьер Қазақстанда жылыжай салумен айналысатын кәсіпорындарға жаңа шешімдердің қалай әсер ететінін ескеретінін айтты.

«Біз кәсіпкерлеріміздің қызметіне қысым көрсетпеуге тырысамыз. Егер бұл бағытта қауіп төнбейтініне көз жеткізсек, кедендік бажды азайту туралы шешім қабылдаймыз», – деп қорытындылады ол.

Тегтер: азық-түлікБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz