Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Қыста иммунитетті көтеру үшін не істеу керек?

Қорлан Нұрланқызы
28.11.2024
Әлем, Жаңалық

Белгілі дәрігер, эндокринолог Ангелина Водолазкая қыста иммунитетті көтеру жолдарымен бөлісті, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Жеткілікті ультракүлгін мөлшері түспегендіктен, теріде D3 дәруменінің белсенді түрі өңделмей қояды. Ал бұл дәрумен қалыпты салмақты сақтауға көмектесіп, май алмасуды реттейді және тері, тырнақ, шаш саулығын қамтамасыз етеді», — дейді эндокринолог.

Дәрігердің айтуынша, суық мерзімде көбірек асжапырақ (шпинат) жеу керек. Себебі оның құрамында иммунды жүйені қатайтуға көмектесетін С дәрумені, бета-каротин және антиоксиданттар бар.

Сондай-ақ маман көбірек сарымсақ жеуге кеңес берді. Ол бұл өнім вирустар мен бактерияларға қарсы қасиетке ие екенін және ол тұмаумен ауыру қаупін азайтатынын айтты.

Ангелина Водолазкая рационға зімбір қосуға болатынын айтты. Ол оны шайға немесе тамақтарға қосуды ұсынды. Зімбір холестерин деңгейін түсіруге көмектеседі және ол миға пайдалы.

Дәрігер түрлі және үйлесімді тамақтанудың маңызды екенін ескертті. Сол кезде адам қыста денсаулықты сақтауға қажетті барлық қоректік затты ала алады.

Дәрігер қыста ішуге кеңес берген дәрумендер:

C витамині – қыста адам ағзасында тапшы болады, сондықтан үнемі суық тиіп жатады. Ағзада С витамині жеткілікті болу үшін апельсин, қызанақ, болгар бұрышын жеу керек. Ашытылған қырыққабатта да С дәрумені өте көп.

В тобындағы витаминдер – егер олар жеткіліксіз болса, онда сіздің ерніңіз жарылып, тырнақтарыңыз бен шаштарыңыз сынғыш болады. Сонымен қатар бұл топтың дәрумендері жетіспесе, сіз жиі ашуға бой алдырасыз. Бұған жол бермеу үшін күрішті, жұмыртқаны, сүт өнімдерін, жаңғақтарды, қарақұмық пен қызылшаны жеу керек.

Е витамині – ол жасушаларды оттегімен қамтамасыз етеді, жоғары психикалық стресті жеңуге көмектеседі, сондай-ақ денені жүйке бұзылуынан және стрестен қорғайды. Бұл сізге міндетті түрде керек. Е витаминін жеткілікті алу үшін қырыққабат, шпинат, майсыз ет, өсімдік майы мен жұмыртқаны көбірек пайдаланған жөн.

D витамині – ол күннің болмауына байланысты жетіспейді. Жазға дейін қалыпты өмір сүру үшін бұл дәруменді сүт өнімдерінен, балық майынан және уылдырықты көп жеу арқылы сіңіру керекпіз. А витамині –ол өте пайдалы, өйткені көру қабілетіне жауап береді, шаш пен тырнақтың күйін жақсартады, сонымен қатар иммундық жүйені нығайтады. Ол сүтте, балықта, сәбізде, ақжелкенде, өрікте және жұмыртқада көп кездеседі. Тағы да оқыңыздар:

Тегтер: дәрігерденсаулық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz