Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қытайда әлемдегі ең ұзын және қорқынышты көпір ашылды

Қорлан Нұрланқызы
28.11.2024
Жаңалықтар

Қытайда жаңа туристік бағыт – Тяньти Аспан сатысы ашылды. Ол Хунань провинциясындағы Чжанцзяцзе саябағындағы Цисин тауында орналасқан. Бұл ерекше маршрут саяхатшыларға елдің сұлулығын биіктіктен тамашалауға мүмкіндік береді. Алайда оның экстремалды сипаты бәріне бірдей қолайлы болмауы мүмкін, деп хабарлайды alataunews.kz.

Жаңа аттракцион – экстремалды ұнататындар үшін таптырмас демалыс. Ұзындығы 168 метр болатын бұл маршрут шамамен 1500 метр биіктікте орналасқан екі жартасты байланыстырады. Туристерге таңғажайып көріністер мен адреналинге толы әсер сыйлайтын бұл жол феррата стилінде салынған. Ол болат тұтқалармен, тірек орындарымен және сақтандыру тростарымен жабдықталған, бұл саяхатшыларға тік жартастарға қауіпсіз түрде көтерілуге мүмкіндік береді.

Тяньти сахатшылар арасында тез танымал болды. Мемлекеттік CCTV арнасының мәліметінше, Чжанцзяцзедегі Тяньти Аспан сатысын күн сайын 1200-ден астам адам тамашалайды. Бұл ерекше маршрутты сынап көргісі келетіндердің көптігі кейде жартастарда «кептелістер» тудырады, туристер ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

Аттракционды ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл маршрутпен үш сағаттық көтерілу құны 580 юаньды (шамамен 40 000 теңге) құрайды. Туристердің қауіпсіздігі үшін инструкторлар маршрут бойы бірге жүреді, саяхатшыларға шлемдер, сақтандыру белдіктері және рюкзактар беріледі.

Тегтер: Қытайпойызбен саяхат

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz