Оқиға 20 шілде күні болған.
«Үйлердің бірінің жанына жергілікті тұрғындардан шамамен 20-25 адам жиналды. Хабарлама аудандық полицияның кезекші бөліміне келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу патрульдік полиция наряды мен Іле АІІБ басшылығы шықты. Келген полиция қызметкерлері жиналғандармен түсіндірме әңгіме жүргізді, содан кейін бәрі үйіне тарады», — деді құқық қорғау органдары қызметкерлері.
Жылқыны азаптаған адам қазіргі таңда әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыпталып, 10 күн қамауда жатыр. Ал бұл оқиға бойынша іс ҚР ҚК-нің 316-бабымен (жануарларға қатыгездік жасау) емес, 202-бап (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша жүргізуге шешім қабылданды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл туралы өткен тәулікте толық ақпаратты жариялаған болатынбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram