Әлеуметтік төлем алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Енді төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері қалай есептелетініне тоқталайық. Сіздің екі жылдағы жалақыңыз 24-ке бөлінеді және осы сомадан зейнетақы мен табыс салығын алып тастағанда ай сайын 40% төленеді. Яғни ай сайынғы жалақының оннан бір бөлігін төртке көбейтсеңіз алатын әлеуметтік төлемдердің шамамен мөлшері шығады.