Оның айтуынша, халық күнделікті негізінен 29 түрлі негізгі өнімді тұтынады, алайда жалпы азық-түлік себетінде 160 түрлі тауар бар.
«Қазір бағаның өсуі негізінен әлеуметтік маңызы жоқ тауарларға қатысты байқалып отыр. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты. Осы айдың екі аптасында өсім небәрі 0,1 пайыз болды. Меніңше, ӘМАТ құны айтарлықтай көтерілмейді, себебі біз бұл бағытты тұрақты бақылауда ұстап отырмыз», – деді Жұманғарин.
Ол сонымен бірге қазіргі баға өзгерістерінің көбіне әлеуметтік маңызы бар тізімге енбейтін өнімдерге қатысты екенін айтты.
«Сауда үстемеақысын бақылау тетіктері бар. Бірақ дәл қазір қызанақ, қияр және кейбір ет өнімдерінің бағасы өсіп жатыр — олар маусымдық кезең болғандықтан әлеуметтік маңызы бар тізімге кірмейді. Сондай-ақ қарақұмық бағасы да айтарлықтай қымбаттады. Оның қолдану аясы кең емес, дегенмен тауар ретінде оның бағасы өсіп отыр», – деді вице-премьер.






