«Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағанын білесіздер. Биыл жеткіншектерге қатысты жол-көлік оқиғаларының саны 5 пайызға және ЖКО-дан зардап шеккендер 2 пайызға азайғанын айта кету керек. Дегенмен, балалардың жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім деңгейі әлі де жоғары болып қалып отыр», — деді Жандос Мұратәлиев.
Оның айтуынша, көбінесе жол ережесін білмеген немесе оны елемеген балалар жол-көлік оқиғаларының себепшісі болып жатады. Осы орайда жеткіншектер жол бөлігіне ойнауға шығады, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде көшені кесіп өтеді
«Кәмелетке толмағандардың кінәсінен 88 жол-көлік оқиғасы тіркелді (+ 9%, 2021 жылы – 81), онда 8 бала қайтыс болып, 99 бала жарақат алды», — деді ведомство өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы Қазақстанда жол-көлік апаттары көбейді.