Бұл туралы өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар күре жолда жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 8 тамызда жарылыс жұмыстары жасалады, соған байланысты 8:00-ден бастап аталмыш жол бөлігі (51-52 км) көліктің барлық түрі үшін жабық болады», – делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД азаматтардан аталмыш бағытқа қарай жол жүруден бас тарта тұруға шақырды.