Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу зиялылары ғаламтордың күшін ескерусіз қалдырмауы керек – Бейбіт Исабаев

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, аймақтың проблемаларын талқылады, деп хабарлайды Alataunews. kz тілшісі.

01.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Жетісу баспасөз қызметі

Жетісу баспасөз қызметі

«Жетісу зиялылары ғаламтордың күші мен мүмкіндіктерін ескерусіз, бей-жай қалдырмауы тиіс. Сондықтан, ғаламтордағы белгілі платформалар мен әлеуметтік желідегі чаттар мен топтардың жұмысына белсенді қатысуы тиіс, өйткені мұнда өскелең ұрпақтың физикалық, психикалық денсаулығы мен ақыл-ойына ықпал ететін ақпараттар тұнып тұр. Бұл еліміздің болашағына қауіпті», — деді Бейбіт Исабаев.

Өңір басшысының пайымдауынша, виртуалды қоғам тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер етеді –ондағы жасанды мінез-құлық үлгілері қоғамның құндылықтары мен қарым-қатынас нормаларына кері ықпал жасайды.  Интернеттегі қарым-қатынас сөзсіз пайдалы болғанмен, жастардың тұрақсыз психикасына зиян келтіріп жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі қоғамда әлеуметтік масылдық үрдісі, алақан жаю белең алуда. Жалқаулық, жатыпішерлік тектес жаман әдеттер қалыптасты. Одан арылу үшін біз қарапайым еңбек адамын дәріптеп, еңбекті ең үлкен құндылық ретінде қалыптастыруға тиіспіз», — деді Бейбіт Исабаев зиялы қауым өкілдеріне.

Зиялы қауым өкілдері өңірдің күн тәртібіндегі тіл, дін сияқты рухани проблемалар әлі де маңызды тақырыптар екенін айтты. Сондай-ақ облыс аумағында экономикалық, саяси және әлеуметтік саланы дамыту үшін бірқатар ұсыныстар жасалды. Мәселен, ауыл жастарын қолдау, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар баспанасы, медицина, мәдениет, ауыл мен аудан тұрғындарының мәселесі, отбасын сақтап қалатын дағдарыс орталығын ашу, ассамблеядағы татулыққа облыс әкімінің назарын аударды. Бейбіт Исабаев өз кезегінде халықтың бұйымтайын жеткізген зиялы қауым өкілдеріне ризашылығын білдіріп, ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын айтты.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz