Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу өңірінде қантқа талас үдеп барады

Талдықорғандықтар қант үшін кезекке түннен тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

01.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Тұрғындар тұрақтандыру қорынан арзан бағамен, яғни, 280 теңгеден сатылатын қантты алу үшін түнгі 2-ден бастап кезекке тұрады. Өйткені, аптасына үш рет келетін қант жетпей қала береді.

«Қанттың жоқтығынан түнгі сағат 02:00-ден бастап кезекке тұрамыз. Өзім жалғызбасты анамын. Алатын зейнетақым – 59 мың теңге. Ал енді қанттың бағасы дүкен сөрелерінде 600-700 теңгеге дейін барады. Мына әкімшілік қайда қарап отыр? Неге мынаны реттемейді?», – деді қала тұрғыны Құралай Ақбаева.

Қант әр әдамға екі келіден артық берілмейді. Алайда, Жетісу әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері тапшылық жоқ, – дейді.

Олардың сөзінше былтыр қорға 2600 тонна өнім жиналған. Бүгінге дейін соның 1100 тоннасы ғана сатылған.

«Қазіргі уақытта тұрақтандыру қоры мен айналым схемасы бойынша бізде 1500 тонна қант қорда бар. Сәуір айында СПК тарапынан 3 жақты меморандум Көксу қант зауыты, 3 ірі сауда желілері 2 мың тонна қантқа меморандум жасалынды. Сол арқылы 500 тонна қант сауда желілеріне жеткізілді. Полкаларда 450-460 тегеден қазір қант сатылып жатыр», – дейді «Жетісу» ӘКК департамент директоры Бахтияр Сембеков.

Айта кету керек, Үкімет қант тапшылығын жою үшін импорттық баж салығын қарашаға дейін тоқтатты. Бұл қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Мәселені шешудің басқа амалы да жоқ сияқты. Өйткені, сала импортқа тәуелді.

Тегтер: Жетісу облысықант тапшылығыТалдықорғанүкімет

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz