Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында Оңтүстік Корея жұртшылығының атынан «Достық» монументі мен мемориалы ашылды

Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өткен бұл шараға Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Керімбек, Қаратал ауданының әкімі Ерлан Исабеков және Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Бас консулы Пак Нечхон қатысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

12.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Отыз жыл ішінде екі ел арасында экономикалық және мәдени-рухани байланыстар орнығып үлгерді. Осы сапар аясында Бас консул Пак Нечхон бастаған делегация аудан халқымен, корей этносы өкілдерімен кездесті.

«Мен өз атымнан және Корея мемлекетінің атынан Қазақстан халқына рахмет айтамын. Біз Қазақстан Республикасын, соның ішінде Қаратал ауданы Үштөбе қаласын қасиетті де киелі аймақ, біздің алтын бесігіміз деп санаймыз. Өйткені бұл жер қиын-қыстау кезеңде туған жерінен Қазақстанға жер аударылған отандастарымызды қорғап, олардың өсіп-өркендеуіне көмегін тигізді. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас одан әрі нығая берсін», — деді Бас консул Пак Нечхон.

Кездесуге қатысушылар еркін пікір алмасып, жылы жүздесу жасады. Болат Керімбек те өз кезегінде ресми делегацияға лебіз-тілегін жеткізіп, ризашылығын білдірді. Қонақтарға корей этностының қолданбалы өнерінің көрмесі, ұлттық асханасы, ұлттық ойындары ұсынылып, гала концерт ұйымдастырылды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 of 8
- +

Осы күні А. Пушкин атындағы мектеп ғимаратында кореялық «НЁНДЕ» клиникасы мен Чунан университетінің дәрігерлері қараталдықтар үшін ортопедия, травмотология, хирургия, нейрохирургия, неврология, алғашқы медициналық көмек бағыттары бойынша қабылдау жасады. Дәл осындай дәрігерлік кеңес беру шарасы Талдықорғандағы көп салалы ауруханада 5-9 тамыз аралығында да жүргізілген болатын.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 of 4
- +

Мерейлі жылға арналған шаралар легін Бастөбеде корей халқының атынан «Достық» монументі мен мемориалының салтанатты ашылуы түйіндеді. Осы арада мектеп оқушылары арасында «Достық» тақырыбында өткен байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды.

Тегтер: Жетісу облысыОңтүстік Корея

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz