Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Жетісу облысында фри картобын өндіретін кәсіпорын салынуы мүмкін

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің өңірге сапары барысында айтылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

28.07.2022
Аймақ, Жаңалық

 

1 of 4
- +

ҚР АШМ мәлім еткендей, Әбілхайыр Тамабек картоп өсірумен айналысатын шаруашылық мамандарымен кездескен. Кейін Нидерланд компаниясының өкілдерімен бірге азық-түлік кәсіпорындары салынуы мүмкін жерлерге ат басын бұрған.

Сапар соңында вице-министр Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен және «Farm Frites Kazakhstan» ЖШС басшысы Йозеф Боермен кездесті. Қос тарап Қазақстанда картоп индустриясын дамыту жөніндегі жоспарларын талқылап, болашақта зауыт салынуы мүмкін жерлер туралы өз ойларын ортаға салды.

«Жоба жүзеге сәтті асырылатын болса, картоп өндіретін шаруашылықтар саны көбеюі қажет. Осыған орай, 10 000 гектар алқапта картоп өсіру бойынша жобаны ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Онда барлық тараптың әлеуметтік-экономикалық міндеттемелері реттеледі және «Farm Frites» компаниясының фри картоп зауытын салу кезіндегі мемлекеттік қолдау шаралары нақты белгіленеді», — делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, «Farm Frites» (Farm Frites Beheer B. V.) компаниясының өкілдері 5 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның бірқатар өңірінде картоп отырғызумен шұғылданып келеді. Олар жоғары сападағы картоп өндіруді және зауыттың қажеттіліктері үшін керек көлемдегі картопты жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ жергілікті фермерлерді оқыту да компанияның жоспарында бар.

Тегтер: Жетісу облысыкартопкәсіпорын

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz