«Негізгі бюджет алдағы уақытта бекітілетін болады. Дәл қазір қарастырып жатқанымыз – осыған дейін бекітілген қаржы, біз тек соны екіге бөліп жатырмыз», – дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов.
Жалпы, Алматы облысымен қосқанда бюджет 1 триллионнан астам. Оның 433 млрд.теңгесі Жетісу облысына тиесілісі. 61 млрд.теңге – кірістен түскен қаржы.
Бүгінгі таңда әлі де нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал нақты шешім айдың соңына белгілі болады.
Айта кету керек, облыста жаңадан құрылған мекемелердің жалақысы нақтылап бекітілді.